2021 жылдың қараша айының 2 жұлдызында мектеп оқушыларына арналған «Туған өлке тарихы – Ортағасырлық Сығанақ қалашығы» тақырыбында далалық семинар өткізілді. Далалық семинарға Қызылорда қаласы Назарбаев зияткерлік мектебінің 7-9 сынып оқушылары қатысты. Далалық семинардың мақсаты: ұлттық тарихты насихаттау, тәуелсіздігіміз бен қуатты мемлекеттілігіміздің тірегі ретінде ежелгі қала тарихын дәріптеу, Қазақ хандығының астанасы Сығанақ қалашығы туралы түсінікті кеңейту